Құрметті V Астана экономикалық форумының қатысушылары! Бейдждер, белгіленген орындарға жету сызбасы және автобустар қозғалысы бойынша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз

«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы

ОБЪЕДИНЕНИЕ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ «АССОЦИАЦИЯ «ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КЛУБ УЧЕНЫХ»

ТАРИХ
Еуразиялық континент үшін маңызды интеграциялық бастамалардың бірі, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Еуразиялық ғалымдар клубын құру идеясы болды.

1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУде Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразиялық одақ» бағдарламасын баяндаған еді.

2007 жылы маусымда Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық ғалымдар клубын құру бастамасын ұсынды.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық ғалымдар клубын құру бастамасын іске асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесе отырып 2008 жылдың 27 маусымында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қаумдастығын құрды.

Аталмыш клубтың отырыстарына әлемге әйгілі ірі ғалымдар, бүкіл әлемнен ықпалды адамдар (үкіметтер мүшелері және бизнес көшбасшылары) шақырылатын болады.

ҚЫЗМЕТ МАҚСАТТАРЫ - Еуразиялық кеңістік пен әлемдік қоғамдастықтың ары қарай дамуына үлес қосатын экономист-ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін экономикалық сұрақтарды шешу мақсатымен біріктіру.


ТАПСЫРМАЛАРЫ
- Ғаламдық экономикалық жүйеде дағдарыстық құбылыстардан өту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қаржылық және экономикалық дағдарыстардың алдын алу;
- Үкіметтер үшін әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Әлеуеттік инвесторлар мен тапсырма берушілерді тарту;
- Инновациялық қызметтің белсенділігін арттыру.

ҒАЛЫМДАР ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЛУБЫ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ;
- Экономистердің халықаралық одағы;
- Урал мемлекеттік экономикалық университеті;
- Ұлттық Даму институты;
- Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты;
- Қырғыз Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің аясындағы Экономикалық стратегиялар орталығы;
- Украина Ұлттық Ғылым Академиясының Экономика және болжау институты;
- Ресей ғылым академиясының Урал бөлімшесінің Экономика институты;
- Ресей-Армян (Славян) университеті;
- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Университет Туран-Астана;
- ECOMEN Коммерциялық емес бірлестіктің Экономика және басқару институты;
- Әзірбайжан Республикасының Экономикалық даму министрлігінің Экономикалық реформалар ғылыми-зерттеу институты

ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТ



«Біз үлкен көлемде адами ресуртарға иеміз, ал ең бастысы экономиканың жоғары технологиялық, озық салаларын біріккен күштің арқасында біздің өзара ықпалдастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеретін «ақылға» иеміз. Сол себептен де біз Астана қаласында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубын және Жаңа Технологиялардың Еуразиялық банкін құруға дайынбыз.
(Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2007 ж. Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеген сөзінен)








                   

 

                       

    

ТӨРАҒАКООРДИНАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Кординациялық кеңес Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының басқарушы органы болып табылады. Координациялық Кеңесті Төраға басқарады. Сұрақтардың шешімін табу Координациялық Кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Координациялық Кеңестің құзыреттілігне Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының сұрақтарын шешу, әзірлеу және қызметінің негізгі бағыттарын анықтау болып табылады. Жыл сайынғы Астана экономикалық форумы - Еуразиялық клубтың негізгі іс-шарасы.




АТҚАРУШЫ ОРГАН ТӨРАҒАСЫ
КАРИМСАКОВ М.Р.      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
    КӘРІМСАҚОВ М.Р. 
   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Атқарушы орган Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының жалпы және оператитвті басқарылыуын жүзеге асырады. Координациялық Кеңестің шешімдерін іске асырылуын, сонымен қатар Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының күнделікті қызметін жүргізеді.
        
ПОДОЖДИТЕ ИДЕТ ЗАГРУЗКА...