Құрметті V Астана экономикалық форумының қатысушылары! Бейдждер, белгіленген орындарға жету сызбасы және автобустар қозғалысы бойынша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы.

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. 

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:
1. ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
2. мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
3. әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
4. Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
5. ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
6. мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
7.құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
8.баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
9. мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
10. мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
11. еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
12. мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
13. аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
14. ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
15. табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
16. құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
17. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
18. келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
19. ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
20. сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
21. сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
22. халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
23. Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

Құрылымы

Министрлiктiң және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемл. органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.

Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде мына салалар бойынша республикадық орталық атқарушы органдары жұмыс iстейдi:

Экономика салалары бойынша:
1. Iшкi iстер министрлігі  
2. Денсаулық сақтау министрлігі
3. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
4. Сыртқы iстер министрлігі
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі  
6.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
7. Бiлiм және ғылым министрлігі
8. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  
9. Ауыл шаруашылығы министрлігі
10. Көлiк және коммуникация министрлігі 
11. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
12. Қаржы министрлігі  
13. Төтенше жағдайлар министрлігі
14. Экономикалық даму және сауда министрлігі 
15. Әдiлет министрлігі
16. Мұнай және газ министрлігі

 Агенттiктерi 
1. Статистика агенттiк
2.Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк 
3.Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
4. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  
5. Ұлттық ғарыш агенттігі
6.Бәсекелестікті қорғау агенттігін (Монополияға қарсы агенттік) >
7. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституц. Заңмен (18.12.1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитетi) туралы үлгi ережемен және әрбiр министрлік, агенттiк, комитет туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

ҚР-ның Министрлiгi мемл. басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.

ҚР-ның агенттiгi де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.

ПОДОЖДИТЕ ИДЕТ ЗАГРУЗКА...