Демалыс белдеулері
Бурабай табиғатының көркемдігі
Көшетау табиғаты күнделікті күйбең тұрмысты ұмытып, құпиялыққа толы халық аңыздары мен жырларына толы ертегі әлеміне әкетеді. Бұл өңірдің әрбір тауы мен тасы сізді жүрегеңізге терең бойлатуға жаратылғандай. Ертенің үнсіз таулары уақыттың сынды сыңдарынан өтіп, бұл жердің қылқанды, көлді оазистің табиғатына тұнып тұр. Көкшенің көгіндегі күлгін түсті мұнар, көл суының тасты жағалаумен қауышуы, кәрі қарағайдың желмен қозғалуы – бұл жерге алғаш келген адам, шынымен де тауы мен суына, орманы мен аспанына Алланың нұры жауғаннын және уақыттың бір сәтке тоқтағанын сезінеді. Жер үстіндегі жоғалған жұмақты іздесеңіз , бұл ғажайып бақ Бурабай деп аталады.
Шымбұлақ – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градус тардыңаралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көпжағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады
Шарыншатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар,желденген рельефтер Сізді ертегідегі құмтауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдар аңғары” , “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмдыжардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарыншатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарынөзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кейжерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарыншатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды.


