Өзбекістан визасы туралы жалпы акпарат
Өзбекстанның визасын алу кімге керек?
Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар бұл мемлекетке кіру және оның территориясы арқылы транзиттік мемлекет ретінде кесіп өту тек Өзбекстанға кіру визасы бар бол жағдайында ғана жүзеге асады. ТМД-ның келесі мемлекеттері үшін Өзбекстанға кіру визасыз режим арқылы жүреді: Әзербайжан, Армения, Белорусь Республикасы, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украина.
Сапардың мақсатына байланысты визаның төмендегідей түрлері бар: дипломатиялық, қызметтік, жұмыс, туристік және транзиттік.
Өзбекстанға туристік визаны алу екі кезеңнен тұрады:
1. Визалық қолдауды алу (Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің рұқсаты, ары қарай СІМ)
2. Визаны Өзбекстан Республикасының Елшілігінде немесе Консулдығында алу, ерекше жағдайларда аэропорта алу да қарастырылған.
Өзбекстан Республикасына Туристік Визалық қолдау
Визалық қолдау өз кезегінде Өзбекстанға туристік виза алуға рұқсатнама болып табылады. Визалық қолдау «Өзбектуризм» Ұлттық Компаниясының лицензиясы бар туристтік агенттікпен рәсімделеді және СІМ қарастыруға жіберіледі. Құжат СІМ-де 7 жұмыс күні аралығында қарастырылады. Қарастыру уақыты өткен жағдайда СІМ қарастыруды турист визаны алуға жоспарлап отырған жердегі Елшілікке немесе Өзбекстан Республикасының Консулдығына телекс арқылы жібереді. Туристтік агенттік визалық қолдаудың берілетінін хабарлап, телекстің номерін береді. СІМ рұқсатнаманы беруден бас тартуға толықтай құқылы, және себебін түсіндіруге міндетті емес.
Визалық қолдауды алу Франция, Италия, Бельгия, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Жапония, Германия, Австрия, Испания және Швейцария азаматтары үшін қажет емес. Жоғарыда аталған визаны алуға жеңілдетілген жүйесі қарастырылған, ол тікелей Өзбекстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мекемелеріне тікелей визаға өтініш беріп, олар 2 жұмыс күні мерзімінде қарастырады.
Біз Сізге визалық қолдауды көрсетуге қуанышты боламыз, егер Сіз мемлекетте болу мерзіміне біздің компаниямыз арқылы туристік қызметтерді пайдаланып және қонақүйді брондасаңыз.
Сонымен қатар, Сіз Елшілік пен Консулдықта визаны алу барысында консулдық алымды төлеуіңіз керек. Консулдық жинақтың көлемі Сіздің мемлекетте болу мерзіміңізге байланысты 40- тан 60-қа дейінгі АҚШ долларын құрайды.
Визалық Қолдау үшін ақпарат
Визалық қолдауды алу үшін визалық қолдаудың онлайн формасын толтырыңыз, және де өз төлқұжатыңыздың көшірмесін факспен немесе формамен бірге жүктеп жіберіңіз. Кейбір жағдайларда жұмыс орнынан анықтама талап етіледі.
Біз Сізден ақпарат толық ақпарат алған кезде, визалық қолдауды рәсімдеп Ташкенттегі СІМ-не қарастыруға жібереміз. СІМ-нен рұқсатнама алған соң, Сізге электронды пошта арқылы телекстің номерін жібереміз.
Телекстің нөмерін алған соң Сіз Елшілікке немесе Консулдыққа визаға толтырылған сауалдамаңызды төлқұжат көлеміндегі фотосуретіңіз, төлқұжат, телекс нөмірі жіберіп және консулдықалымды төлейсіз.
Өзбекстан Республикасына Кіру визасын қайдан алуға болады?
Келесі мемлекеттерде Өзбекстан Республикасының елшіліктері мен Консулдықтары бар
Визаны Өзбекстанға ташкент қаласының аэропортына келген кезде алу
Визаны Ташкент қаласының аэропортында мемлекетінде Өзбекстан Республикасының консулдығы немес елшілігі жоқ, немесе өзінің тұрғылықты орны бойынша Өзбекстан Республикасының консулдығынан немесе елшілігінен алуға жеткілікті уақыты жоқ азаматтар ғана ала алады.
Визалық қолдауды рәсімдеу және туристік визаны аэропортта алу үшін онлайн форма мен төлқұжаттың көшірмесіне қоса авиабилеттердің көшірмесі де қажет.
Визалық қолдау СІМ-де 7 жұмыс күні аралығында қарастырылады. Қарастыру мерзімі өткен жағдайда, СІМ жазбаша рұқсатнама беріп, оны туристік агенттігі туристке жібереді. Аталған құжат төлқұжаттық тексерістен өтікен соң беріліп, оның негізінде виза рәсімделеді.
Өзбек визасын алуға арналған сауалнама
АҚШ, Германя және Израиль азаматтарына виза алу үшін арналған сауалнама формасын жүктей аласыз.


