АЭФ тарихы
Интернет-форумның жұмысы үш секция бойынша жүргізілді:
-Әлемдік қаржы дағдарысы: себептері және салдарын миинимумга келтіру. G-20 мемлекеттері үшін дағдарысқа қарсы нұсқаулықтар.
-Ислам қаржыландыруындағы мемлекеттің ролі.
Әрбір секция бойынша дағдарысқа қарсы шаралар бойынша ең үздік баяндамаға конкурс жарияланды. Түрлі мемлекеттерден 130-дан астам баяндамалар жиналды.
6мемлекеттің өкілдері болып табылатын 7 сарапшыдан тұратын талдау комиссиясының отырысының негізінде ақшалай сыйлыққа төмендегілер ие болды:
Сандоян Эдвард Мартинович, Ресей-Армян (Славян) университетінің университеттік білімді дамыту бойынша профессоры, э.ғ.д., профессор, (әлемдік дағдарыс секциясы бойынша)
Байзақов Сайлау Байзақович, Қазақстан Республикасы экономистер Одағының төрағасы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми жетекшісі, э.ғ.д., профессор (Қазақстандағы дағдарыс секциясы бойынша).
Беккин Ренат Ирикович, РФ СІМ ММХҚИ аға ұстазы, (ислам экономикасы секциясы бойынша)


