Арнаулы сөздер
Құрметті инвесторлар мен қатысушылар!
Астана экономикалық форумының Қазақстан инвесторлары үшін жоғары эффективті алаңымен ерекшеленеді.
Барлық ірі мемлекеттік мекемелер, компаниялар, сонымен қатар және кіші және орта бизнес өкілдері Форумның түрлі іс-шараларында ұйымдастырушылар, қатысушылар және демеушілер ретінде қатысады. АЭФ платформасы іскерлік кездесулер, әріптестер іздеу, түрлі дайындық деңгейіндегі жобалармен таныстыру, әсіресе, қаржы мен инвестицияны талап ететін жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік болмақ.
Сонымен қатар, АЭФ тек Қазақстандық инвесторлар мен әріптестер үшін ғана емес, көршілес және шет ел мемлекеттерінің бизнес өкілдеріне бірегей мүмкіндік тудырмақ.
Бүгінде Қазақстан – 1,5 миллиард халқы бар нарыққа қол жеткізу жолы. Еуропа мен Азия аралығында қолайлы орналасқан, батыста Еуропаның нарықтары, ал шығыста Қытай мен Азия болса, оңтүстікте Орталық Азия нарығы жатыр.
Қазақстан, Ресей және Беларусияның 2011 ж қаңтарынан іске қосылған Кедендік Одағы инвесторларға 170млн. халқы және жалпы алғанда ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долларын құрайтын нарық көлемін ұсынып отыр.
Астана экономикалық форумына хош келдіңіздер!
Біз әрқашан да көмектесуге және Қазақстан бойынша қажетті ақпараттарды беруге дайынбыз.
Құрметпен,
АЭФ ұйымдастырушылық комитеті


