Қысқаша ақпарат
Жалпы мәліметтер
Қазақстан – бұл әлемдік инвестициялық орталықтардың бірі. Қолайлы бизнес-климат және саяси тұрақтылық ТШИ-ның Қазақстанға ағылуына түркі болып, 1993 жылдан бастап Қазақстанға енген ТШИ көлемі 136 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.
ТШИ-ның түбегейлі ойластырылған тарту саясаты негізінде, Қазақстан экономикасы тұрақты өрлеуі қарқынмен өсіп келеді. 2000 – 2010 жж аралығында, ЖІМ 8 есе өсті (17 млрд.доллардан 146,5 млрд. долларға дейін).
Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6 орында.
Менделеев кестесіндегі 110 элементінің 99 Қазақстанның жер қойнауынан табылып, 70 барланған болса, 60 қолданыста: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам, боррит, күміс, қалайы, хромит, мыс, флюорит, молибден және алтын.
Қазақстанның минералды-шикізат базасы 5004 кен ошағынан тұрса, олардың болжамдық құны 46 триллион АҚШ долларын құрап отыр.
Бизнесті дамыту рейтингі
Әлемдік Банк және Халықаралық қаржы корпорациясы Doing Business 2012 ж рейтингібойынша: 187 мемлекеттің ішінде 47 орынды иеленіп отырмыз.
Әлемдік бәсекелестікті зерттеу орталығы Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) 2011 ж рейтингі бойынша: 36 орын.
Ірі шетел компаниялары:
Қазақстанда General Electric, Chevron, Toyota, Toshiba, Mitsubishi, Nestle, EADS, Danone, LG, Siemens, ThyssenKrupp, Henkel, Microsoft, Arcellor Mital, BASF және басқа да көпұлтты және шетел компаниялары белсенді жұмыс атқаруда.
Индустриалды-инновациялық даму
2010ж Қазақстан Республикасының 2010-2014 ж экономиканы тұрақты және балансты өсімінің диверсификациясына және оның бәсекелестігін көтеруге бағытталған Форсирленген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды.
Басты міндеттер:
o Экокномиканың басым бағыттарын дамыту
o Индустриализация үшін қолайлы жағдай жасау
Приоритеттер
o Жаңа және экспорттық өндірістірдің ашылуына негіз болатын шетел инвестициясын тарту.
o Ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен бекіту
Принциптер
o бизнес-бастамаларға негізгі бағыт алу
o шикізаттық емес сектордағы үзікті жобаларға және кластерлік бастамаларға қолдау көрсету
o отандық және шете компанияларына тең қол жетімділік
o экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың таратылуы
Басым секторлар
o мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторы инфраструктурасының дамуы
o тау металлургиясы саласы
o химиялық өнеркәсіп
o атом өнеркәсібі
o машина жасау
o фармацевтика өнеркәсібі
o құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі
o агроөнеркәсіптік кешен
o жеңіл өнеркәсіп
o туризм саласы
o Ақпараттық және коммуникациялық технология
o Биотехнологиялар
o Ғарыш кеңістігі қызметі
o Баламалы энергетика
o Атом энергетикасы
Басым секторлдарға инвесторлар тарапынан кететін шығындарды азайту мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек (преференциялар, жеңілдіктер, жобаларды бірігіп қаржыландыру және басқа ынталандыру түрлері).
Ағымдағы инвестициялық пакеттерді кеңейтуді және басым секторлардағы преференцияларды ынталандыру бойыншы қызу жұмыстар жүргізілуде.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері:
o Өндірістің өндіру мүмкіншілігінің артуы
o Белестерді өту арқылы өндірісітң дамуы
o Білімді қажет ететін технологиялардың жасалуы мен енуі
o Жоғары технологиялық өндірісте инвестиция тартылуының өсуі
o Инфраструктураның озық дамуы
o Бәсекелестіктің дамуы
Территория
2 724 900 кв.км (1 052 085 кв.миль)
жер көлемі бойынша 9-орында
ТМД мүше мемлекеттер арасында территориясы бойынша 2-орында
Халқы: 16 млн. адам.
Ұлттық валюта: теңге.
Уақыты: Гринвич уақытын 6 сағатқа озуда (Алматы, Астана). Екі уақыт белдеулеріне бөлінеді: шығыс (негізгі) және батыс белдеу.
Тілі: қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі де қолданылады.
Діні: Бүгінде Қазақстан 40 конфессияның мүддесіне өкілдік ететін, 3000 астам діни бірігулер қызмет ететін поликонфессионалдық мемлекет болып табылады. Басым діндер - ислам және христиан.
Әкімшілік-территориялық бөлінуі: Облыстар
| Ақмола облысы | Жамбыл облысы | Маңғыстау облысы |
| Алматы облысы | Батыс-Қазақстан облысы | Павлодар облысы |
| Ақтөбе облысы | Қарағанды облысы | Солтүстік- Қазақстаноблысы |
| Атырау облысы | Қостанай облысы | Оңтүстік Қазақстан облысы |
| Шығыс-Қазақстан облысы | Қызылорда облысы |
Мемлекеттік маңызы бар қалалар:
Астана қ- Қазақстан Республикасының астанасы, Алматы қ.
Пайдалы сілтемелер:
1. "Invest in Kazakhstan" мемлекеттік платформа
2. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі ақпараттық-сарапшылық жүйе
3. ҚР экономикалық даму және сауда Министрлігінің инвестициялық процесстермен басқару Жүйесі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ


