Сауда платформасы
Астана экономикалық форумын дамыту шаралары аясында , келесі жылдан бастап «Сауда платформасы» жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
Астана экономикалық форумының сайтында «Сауда платформасын» іске қосылуының мақсаты, қатысушылар арасында сауда қатынастарын дамыту, Қазақстан Республикасының транзиттік артықшылықтарын белсенді түрде пайдалана отыра экспорт-импорт операцияларын көлемін үлкейту болып табылады.
Бұл платформада әрбір қатысушы өзі туралы, өз компаниясы немесе ұйымы жайлы ақпараттармен қоса, өнімдері мен қызметтері, баға өзгерістерінің ұсынысын орналастырып, Астана экономикалық форумындағы кездесулерін бекіте алады.
Платформа заңды тұлғалармен қоса, B2B, B2C, C2C және т.б. жеке тұлғаларға да ыңғайлы болмақ.
Тауар номенклаттурасы төмендегідей негізгі тауар топтары және қызметтерден тұрады:
1) Өндірістік тауарлар және қызметтер;
2) Тұтыну тауарлары мен қызметтері;
3) Инвестициялық/қаржылық жобалар және қызмететр.
Платформа Виртуалды форум платформасымен тығыз байланыста болып, Виртуалды форумның ғалымдары мен сарапшыларына ақылы негіздегі өз материалдарын орналастырып, қаржылық ресурстарды және басқа да артықшылықтарды тартуға үлкен мүмкіншілік болмақ.
Платформада электронды төлем жүйесі қызмет көрсетіп, халықаралық келісімге келу барысында сатып алушы түрлі төлем түрлерін жүзеге асыра алады.
Сұрақтарыңыз бойынша төмендегі байланыс телефонына: +7 7172 70 18 32 немесе электронды пошта info@aef.kz хабарласа аласыз


