Іскерлік кездесулер
Жыл сайын Астана экономикалық форумы 80-нен астам мемлекеттен 5000-нан аса қатысушыларды бір ортаға жинап отыр. Қатысушылар арасында қазіргі және бұрынға ел басылары, үкімет басшылары, бизнес қауымдастығы, халықаралық инвестициялық және қаржы мемкемелерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, сонымен қатар Нобель сыйлығының лауреаттары, экономика, бизнес және ғылым салаларының ғалымдары мен сарапшылары болып табылады.
Форумның ұйымдастырушылары форум қатысушыларының қатысу мақсатына қарамастан жаңа идеялар, жаңа іскерлік контактілермен алмасып, кзедсулерді жиі өткізіп, мүмкіндігінше меморандумдар мен келісімдерге көбірек келгенін қалайды.
Үстіміздегі жылы Форум ұйымдастырушылары қатысушылар арасындағы, әсіресе бизнес өкілдері арасындағы іскерлік кездесулерді, жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Өткен жылы Бизнеске бағыт алған қатысушылар, жоғары мәртебелі қатысушылар және басқа мүшелер үшін тестілік жүйе іске қосылды. Қатысушылар тарапынан 100 астам сұраныс келіп түсті.
Осы жылы Қатысушының Жеке кабинетінің жаңа версиясы іске қосылмақ. Іскерлік кездесулерді ұйымдастырудың жаңа жүйесі іске асырылады. Іскерлік кездесулерді ұйымдастыру мақсатында төмендегі шаралар жоспарланып отыр:
1) Кездесулерді ұйымдастыру мақсатында арнайы ақпараттандырушы администраторлардың тұрағын ұйымдастыру;
2) Форум барысында кездесу өткізуге мүмкіндік болатын Интернет желісіне қосылу нүктелерімен қамтамасыз ету;
3) Қатысушының Жеке Кабинеті арқылы іскерлік кездесулерді ұйымдастыру үшін арнайы іскерлік белдеулерін жүзеге асыру;
4) қатысушылардың өз қалаулары бойынша үзіліс кезінде іскерлік кездесулерді ұйымдастыру мақсатында іскерлік белдеулерін іске қосу;
Әсіресе жоғары мәртебелі тұлғалармен іскерлік кездесуін өткізу үшін, алдымен тіркеуден, аккредитациядан және АЭФ координарторына немесе қатысушысына өз уақытында өтініш жіберу керек.
Жоғары мәртебелі тұлғалармен іскерлік кездесуін өткізу Жеке Кабинет арқылы Форумның координаторына Форум басталуына 1 ай уақыт бұрын өтініш жіберу арқылы ғана жүзеге асырылады.
Арнайы іскерлік белдеулеріндегі жоспарланған іскерлік кездесулер қызығушы тұлғалар тарапынан уақыт, мерзім және орны бойынша бекітілуін талап етеді.
Іскерлік белдеулерінде орын бос болмаған жағдайда
Қатысушылар өз қалаулары бойынша орын таңдай алады.
Қосымша ақпараттар бойынша төмендегі байланыс телефонына немесе электронды адреске хабарласа аласыз: +7 7172 70 17 91, meetings@aef.kz


