Қазақстан экономикасы
2010: Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы
- 2010 жылы ЖІӨ өсімінің қарқыны 7%-ға жетті
- Жалпы индустриальдық өсім 10%-ға жетті
- Тау кен өндірісі саласының өсімі 5,3%-ға жетті
- Жұмыссыздық деңгейі дағдарыс алдындағы көрсеткіш 5,5%-ға дейін түсті
- Нақты табыс 6,5% өсті
- Ең қарқынды өсімге қайта өңдеу өндірісінде қол жеткізілді – 18,4%
- Экономиканы кредиттеу деңгейі 2% қысқарды
- Бөлшек сауда айналымы 12,3% ұлғайды
- Жыл басынан бері жалпы халықаралық қор 24% ұлғайып, 58,9 АҚШ долларынан асты
Экономиканы дамытудың негізгі бағыттары
- Бүгін экономиканың басты бағыттары диверсификация – шикізат емес, экспорттық-болжалды салаларды дамыту болып табылады.
- Келесі басты бағыт адам капиталына, денсаулық сақтауға, білім беруге, және әлеуметті дамуға ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.
2000-2007: Өсу кезеңі
- ЖІӨ орташа жылдық өсімі 2000-дан 2007-ға дейін 10,2% құрады.
- Бұл ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі.
- Басынан ЖІӨ өсімінің негізгі локомотиві мұнай газ секторы болды.
- 2003 жылдан кейін құрылыс пен қаржы секторы өсімнің негзі қозғалтқышы болды.
- ЖІӨ қазіргі қалпы тауарлардан 44-46%, қызметтерден 54-56%-ды құрайды.
- Орташа жылдық өсім қарқыны 2000-дан 2007-ға дейін 9,5% құрады.
- ЖІӨ-де өндіріс секторының үлесі осы кезеңде 2000 жылы 16,5%-дан 2007 жылы 11,5%-ға дейін төмендеген.
- Бұл жекелеген жағдайда шикізат тауарларына бағаның айтарлықтай өсімінің нәтижесі болып табылады.
- Өнеркәсіптік индустрияның негізгі секторлары металлургия (шамамен 40%); тамақ өнеркісібі (20-22%) және құрылыс материалдары болып табылады.
Экономика құрылымдарындағы өзгерістер
| 2000 жыл, %-да | 2007 жыл, %-да | |
| Ауыл шаруашылығы (-2,5) | 8,1 | 5,7 |
| Тау кен өндірісі индустриясы (+2,1) | 13 | 15,1 |
| Қайта өңдеу индустриясы (-5) | 16,5 | 11,5 |
| Құрылыс (+4,3) | 5,2 | 9,4 |
| Сауда (=) | 12,4 | 12,4 |
| Көлік және коммуникация (=) | 11,5 | 11,5 |
| Қаржы (+2,8) | 3,1 | 5,9 |
| Қозғалмайтын мүлік (+4) | 10,8 | 14,8 |
| Басқа да секторлар (-5,6) | 19,3 | 13,8 |
- Соңғы 7 жылда берілген кредиттер көлімі 48 есе ұлғайды
- Осы кредиттердің ауқымды бөлігі құрылысқа, жылжымайтын мүлікке, саудаға бағытталды
- Осы кезеңдер ішінде тұтынушылық кредиттер де аласапыранды бастан кешті
- Сонымен қатар, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары 14-16% деңгейінде қалды
- 2000-2007 жылдары Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 8 есеге жақын өсіп, 96,8 миллиард АҚШ долларына жетті
- 2007 жылға қарай сыртқы қарыздың 96%-ы жеке секторға тиісті болса, 44 миллиард АҚШ долларынан астам қарыз банкі секторына тиісті болды
- Жылдам эуономикалық өрлеу кезінде және тауар нарығындағы жайлы жағдайда мемлекеттік мұнай табысын жинақтайтын Ұлттық қор құрылды
- Ұлттық қор "қауіпсіздік көпшігі" болып, Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етті
- 2007 жылдың аяғында 21 миллиард АҚШ долларынан астам ақша Ұлттық қорға жинақталды
- Жалпы, 2000-2007 жылдарда Қазақстан экономикасы қарқынды дамыды
- Жаңа жұмыс орындары ашылды (1,5 млн астам жаңа жұмыс орны)
- Ұлттық қорға айтарлықтар шетелдік резервтер мен активтер жинақталды
- Дегенмен, бір мезгілде экономиканың құрылымын өзгерту мүмкін емес
- Өсім сауда секторына бағытталған негізінен коммерциялық банктердің орасан сыртқы қарызы есебінен болды
- Инфляция жоғары болды
2008-2009: Дағдарыс
2007 жылдың күзінде Үкімет, Қазақстанның Ұлттық банкі және Қаржы қадағалау агенттігі әлемдік қаржы нарығындағы көтеріліп келе жатқан тәртіпсіздіктердің зардаптарын жұмсарту үшін іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Бағдарламаның жалпы құны 4,5 миллиард АҚШ долларын құрады
- 1,5 миллиард АҚШ доллары ақшаларын үлестік құрылысқа инвестициялаған адамдарды қорғау үшін коммерциялық банктер арқылы құрылыс компанияларына бөлінді.
- 1,3 миллиард АҚШ доллары өсім мен жұмысқа орналастыру қозғалтқышы ретінде ШОБ-ны қаржыландыруға бөлінді.
- 1,1 миллиард АҚШ доллары ауыл шарушылығы секторы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бөлінді.
- Үкімет, Қазақстанның Ұлттық банкі және Қаржы қадағалау агенттігі бірігіп бөлген екінші дағдарысқа қарсы шаралар пакеті 10 миллиард АҚШ долларын құрады. Қорландыру Ұлттық қордың қаражаты есебінен жасалды.
- Екінші пакет ағымдағы шараларды нығайтуға, экономиканың жоғарда айтылған секторларын кеңейтуге бағытталды.
Сондықтан, 10 миллиард АҚШ доллары бағытталды:
- қаржы жүйесін тұрақтандыруға – 4 миллиард АҚШ доллары
- қозғалмайтын мүлік пен құрылыс секторын қолдауға – 3 миллиард АҚШ доллары
- ШОБ қолдауға – 1 миллиард АҚШ доллары
- ауыл шаруашылығы секторын қолдауға – 1 миллиард АҚШ доллары
- индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға – 1 миллиард АҚШ доллары бағытталды
2009 жылы қол жеткізілген нәтиже мүмкіндік берді
- Оңтайлы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге: жылдың бірінші жартысында 2,5%-ға қарамастан, жылдық ЖІӨ өсімі 1,2% құрады
- Жұмыссыздықтың өсімін айтарлықтай азайтуға: жылдың бірінші жартысында жұмыссыздық деңгейі 7%-ға жетсе, жылдың аяғында көрсеткіш 6,6%-ға дейін төмендеді
- Қаржы жүйесінде сенімділікті қамтамасыз етуге: 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы депозиттер 38% ұлғайды
- Еңбекақының азаюына жол бермеуге: 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы халықтың нақты еңбекақысы 5,2% өсті
- Экономиканы кредиттеу көлемін қамтамасыз етуге: Кредиттеу көлемі теңгемен 5% құрады. Девальвацияға байланысты АҚШ долларында 15% қысқарту болды
| 2008 жылға қарай %-да | |
| ЖІӨ, қосқанда | +1,2 |
| Ауыл шаруашылығы | +13,2 |
| Тау кен өндірісі индустриясы | +6,5 |
| Қайта өңдеу индустриясы | -4,6 |
| Құрылыс | -4,9 |
| Сауда | -2,5 |
| Қозғалмайтын мүлік | +2,2 |
| Жұмыссыздық деңгейі | +6,6 |
| Инфляция деңгейі | +7,3 |
| Кредиттер | +2,5 |
| Депозиттер | +21,5 |
| Банкілердің сыртқы қарызы | -17,3 |
| Халықтың табысы | +5,2 |
| Экспорт | -38,9 |
| Импорт | -25 |


