Астана экономикалық форумында Қазақстандық «G-GLOBAL» идеясы талқыланбақ
27.01.2012
Кезекті Астана экономикалық форумында дағдарыстан шығудың Казақстандық бастамасы «G-Global» талқыланады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жариялады.
«Биылғы жылы Астана экономикалық форумының экономикалық үлесі зор болмақ, және де дағдарыстан шығудағы біздің идеямыз «G-Global» талқыланады деп үміттенемін.
Сонымен қатар Елбасымыз өзінің Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын жүзеге асыруда барлық күш-жігерін бағыттайтынын баяндады.
«Біз «жасыл технологиялардың» трансфертіне бағытталған «Жасыл көпір» Астаналық бастамасының жұмыстарын жалғастырамыз», - деп атап өтті Президент.


