Студенттерге бос жұмыс орындары
Астана қаласының Жоғарғы оқу орындарының және Орта мамандандырылған оқу орындарының студенттерін конкурстық негізде, 22-24 мамыр 2012 ж өтетін V Астана экономикалық форумының үйлестірушілерінің көмекшілері қызметіне шақырамыз.
Көмекшілердің қызмет бағыттары: аккредитация, қонақтарды қарсы алу - шығару, аудармалар, орналастару, транспортпен қамтамасыз ету, пресса, форум аясындағы мәдени шараларда қызмет көрсету және т.б.
1 Кезеңнен өткен үміткерлер тікелей әңгімелесуге шақырылады. Жұмыс периоды өндірістік қажеттілік пен үміткердің біліктілігіне байланысты болмақ. Жалақы мөлшері әңгімелесу барысында анықталады.
Үйлестірушінің көмекшісі болып жұмыс жасау – бұл бірікккен ұйымның бір мүшесі болу, халықаралық деңгейдегі ұйымның ұйымдастырылуында бағасыз тәжірибе жинау, жеке және кәсіптік білімді жетілдіру.
Түйіндеменің формасын толтырып: forum@aef.kz адресіне жіберіңіз
1) Қосымша: түйіңдеменің үлгісі
Кезеңдер
1 – кезең: бос орындардың конкурсына қатысу үшін, кандидаттың қысқаша жазбаша хаты, түйіндеме, негіздемелік хат және G-Global сұхбат алаңында тіркеуден өтуі тиіс. Байланыс адресі: forum@aef.kz.
2-кезең: G-Global сұхбат алаңында тіркелгеннен соң (тақырып ашу/тақырыпқа қатысу/бөлімдерде белсенді қатысу) бір апта/ай мерзімінде Форум виртуалды жұмысына белсенді ат салысуы тиіс.
3-кезең: БҰҰ-ның 2 халықаралық тілде жазбаша тапсырма
4-кезең: БҰҰ-ның 2 халықаралық тілінде ауызша тапсырма
5-кезең: топ/бөлімше басшысымен әңгімелесу
6-кезең: ҒЕЭКҚ Төрағасымен әңгімелесу
7-кезең: ұжым мүшелерімен /жұмысымен танысу
Ескерту: Әр кезеңге ең жоғары балл жинаған үміткер жіберіледі. Түйіндемесі немесе негіздеме хаты сынақтан өтпеген үміткер 6 айдан соң ғана қайта қарастырыла алады.
Үміткерлердің барлық құжаттары ҒЕЭКҚ-ның негіздемелік қорында сақталып, қажет болған жағдайда тәжірибе/тағлымдама/волонтер есебінде бос орындарға қайта шақырылуы мүмкін.


