Еске салу саясаты
Ресми ақпарат пайдаланылған және Астана экономикалық форумы (АЭФ) қатысушыларының айтқан сөздерінен дәйексөз алынған дайын материалдарда АЭФ туралы ескерту және алынған ақпарат көзі, ал электронды БАҚ үшін – АЭФ ресми сайтына сілтеме болуы керек. Көшірілген (дәйексөз алынған) ақпаратқа қандай болса да өзгертулерді немесе толықтыруларды енгізуге болмайды.
Баспа БАҚ - Астана экономикалық форумы өткізілетін аймақта дайындалған кез келген мақалада немесе сұхбатта АЭФ туралы ескерту (мәтін немесе логотип) болуы керек.
Теледидар / Радио - Астана экономикалық форумы өткізілетін аймақта дайындалған кез келген бағдарламада немесе сұхбатта АЭФ туралы ескерту (мәтін немесе логотип) болуы керек.
Интернет-жарияланымдар – Астана экономикалық форумы жұмысы барысында немесе қорытындысында жазылған кез келген мақалада немесе сұхбатта АЭФ туралы ескерту (мәтін немесе логотип) болуы керек.
Фотосуреттер – Астана экономикалық форумы жұмысы барысында түсірілген кез келген жарияланған фотосуретте АЭФ туралы ескерту (мәтін немесе логотип) болуы керек.
Блогтар / әлеуметтік желілер – Интернет желісінде (әлеуметтік желілер, блогтар және басқа) АЭФ-қа қатысу шеңберінде алынған ресми ақпарат пайдаланылып және Астана экономикалық форумы қатысушыларының айтқан сөздерінен дәйексөз алынып (АЭФ қатысушылары сөздерінен дәйексөз алу олардың жеке келісімімен болу керек) орналастырылған дайын материалдар анық деректерді қамтуы керек.
Форум ұйымдастырушылары блог аймағы, әлеуметтік желілер қатысушыларының айтқан пікірлеріне жауапты емес. Астана экономикалық форумы Ұйымдастырушылық комитеті БАҚ өкілдері АЭФ іс-шараларын дайындау немесе өткізу кезінде алған немесе жасаған мақалалар мәтіндерін, фото- және бейнематериалдарды осы материалдар көзіне сілтеме жасап, пайдалануға құқылы деп хабарлайды.



