Құрметті V Астана экономикалық форумының қатысушылары! Бейдждер, белгіленген орындарға жету сызбасы және автобустар қозғалысы бойынша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз

БАҚ-ын аккредитациялау ережелері

V Астана экономикалық форумына БАҚ өкілдерін аккредитациялау туралы ереже


1. Жалпы ережелер.
1.1. Бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдерін (бұдан әрі – БАҚ өкілдері) V Астана экономикалық форумына аккредитациялау (бұдан әрі – Форум немесе V АЭФ) Форум іс-шараларын БАҚ-да әзірлеу және өткізуді кең ауқымды және жедел жариялауды ұйымдастыру, Форумның іс-шаралары туралы толық және нақты ақпаратты тарату бойынша журналистердің кәсіби қызметіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

1.2. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 2012 жылдың 22-24 мамыры аралығында өтетін Форумның барлық іс-шараларында жұмыс жасау үшін міндетті болып табылады.

1.3. БАҚ өкілдерін аккредитациялау табысты өзара тиімді ынтымақтастықты жүргізу, сонымен қатар Форумның іс-шараларында БАҚ өкілдерінің жұмысын реттеу мақсатында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Ережелермен сәйкес жүзеге асырылады.

1.4. БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде БАҚ өкілдері Форум қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеп, журналистік этиканың жалпы қабылданған нормаларын сақтауы тиіс.

1.5. Аккредитация БАҚ өкілдеріне ресми тұлғалардың сапарлары кезінде тікелей қатысуына кепілдік бермейді.


2. БАҚ өкілдерін аккредитациялау.
2.1. Аккредитацияны алу мүмкіндігі бар тұлғалар

2.1.1. АЭФ аккредитациядан өту құқығына «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес тіркелген БАҚ редакцияларының қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) жанында аккредиттелген шетелдік БАҚ қызметкерлері ие. Шетел журналисінде ҚР СІМ жанында аккредитациясы болмаған жағдайда, ол Форумның қатысушысы ретінде ғана тіркеле алады. Осы жағдайда ол Форум Ұйымдастырушыларына өзінің сапары туралы хабарландырып, жұмыста жәрдем көрсету туралы өтінішті алдын ала жіберуі тиіс.

2.2. Аккредитацияны алу құқығына ие емес тұлғалар:

2.2.1. БАҚ өкілдері болып табылма йтын тұлғалар, оның ішінде атқарушы және жергілікті билік органдары баспасөз-қызметтерінің, коммерциялық қызметтердің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

2.2.2. БАҚ бейіндік емес баспаларының, жарнамалық басылымдардың, каталогтардың және Интернет-порталдардың өкілдері;

2.2.3. ҚР СІМ жанында аккредитацияланбаған БАҚ шетел өкілдері.

2.3. Аккредитацияға өтінімді беру және қарастыру жүйесі.

2.3.1. Форум іс-шараларын жариялауға қатысқысы келетін БАҚ ұйымының өкілдері аккредитацияға өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) Форумның www.aef.kz ресми сайты арқылы ұсынады.

2.3.2. Өтінімде акредитациялық нысанның барлық алаңдарын толтыру қажет (http://www.aef.kz/ru/press/accreditation/regulation/).

2.3.3. Өтінімдерді Форумның ресми сайты арқылы ұсыну мерзімі:  
– шетелдік БАҚ үшін – 2012 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 15 мамырына дейін.  
– қазақстандық БАҚ үшін – 2012 жылдың 1 наурызынан 2012 жылдың 15 мамырына дейін.
Өтінімдерді ұсыну мерзімін кешіктірген жағдайда (2012 жылдың 15 мамырына кейінгі мерзімде) ұйымдастырушылар аккредитацияны алуға кепілдік бермейді.

2.3.4. Өтінімді қарастыру уақыты - 2-3 күн және олан артық.

2.3.5. Аккредиттелген журналистерге Форум Ұйымдастырушыларынан жеке аккредитацияны алатын журналистер жатады. Растау БАҚ өкіліне аккредитациялық нысанда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

2.3.6. БАҚ өкілдерінің аккредитация қызметі 2012 жылдың 22-24 мамыры аралығында Форумды өткізудің барлық ғимараттарында Форум жұмысының барлық күндеріндетұрақты болып келеді.

2.4. Аккредитация беджтерін беру

2.4.1. БАҚ өкілдері Форум Ұйымдастырушыларының электрондық тіркеу жүйесінің мәліметтер базасындағы нақтыланған аккредитациясы болған жағдайда аккредитациялық беджтерді (бұдан әрі - бедж) алады.

2.4.2. Беджтер келесі шарттардың бірін орындаған жағдайда ғана беріле алады:

- қазақстандық БАҚ үшін – төлқұжатты немесе паспортты (паспорттың нөмірі Форумның мәліметтер базасындағы нөмірмен сәйкес келуі тиіс) немесе БАҚ ұйымының редакциялық бланкіндегі басшысынң қолы бар, мөрмен бекітілген ресми хатты немесе өзге де тұлғаны растайтын құжатты ұсынған кезде;
- шетелдік БАҚ үшін – паспортты (паспорттың нөмірі Форумның мәліметтер базасындағы нөмірмен сәйкес келуі тиіс) немесе СІМ аккредитациялық картасын ұсынған кезде.

2.4.3. Аккредитациялық беджтерді беру Астана қаласындағы аккредитацияның арнайы орындарында беріледі. Беджтерді беру орындарының тізімі және жұмыс кестесі Форум басталғанға дейін 10 күн бұрын www.aef.kz сайтында қол жетімді болады.

2.4.4. Бедж жеке шақыруларды талап ететін іс-шараларға қатысу құқығын бермейді.

2.4.5. Бедж атаулы болып табылады, оны Форум жұмысы барысында үшінші тұлғаларға тапсыруға тыйым салынады. Беджті Форум кезінде өзінде ұстау қажет.

2.4.6. Басқа өзге аккредитациялық карточкалар жарамсыз.

2.4.7. Аккредитациялық бедждті жоғалтқан, ұрлатып алған, құртқан жағдайда БАҚ өкілі бұл туралы ақпараттық-сервистік қызмет бағанының кез келген әкімшісіне лезде хабарлауы тиіс. Бұдан әрі жоғалған бедж жарамсыз болып саналып, БАҚ өкілінің жазбаша арызы негізінде көшірме беріледі.

2.4.8. Аккредитациялық бедж паспортты немесе төлқұжатты немесе тұлғаны растайтын өзге де құжатты ұсынған кезде жарамсыз болып табылады.


3. Форумға аккредиттелген БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттері.
3.1. Форумға аккредиттелген БАҚ өкілі:

3.1.1. журналистердің жұмысына арнайы әзірленген барлық сервистерді пайдалануға;

3.1.2. Форумның ресми іс-шаралары мен көрмелері туралы ақпаратты алуға (баспасөз-парақтары, іскерлік бағдарлама, қатысушылардың құрамы, қатысушылардың каталогтары және басқалары);

3.1.3. қол жетімдігіне байланысты Форумның іс-шараларына қатысуға;

3.1.4. Форум іс-шараларын өткізу кезінде Форумның баспасөз-орталығында жұмыс жасауға, Форум Баспасөз-орталығынығ инфрақұрылымын пайдалануға;

3.1.5. баспасөз-конференцияларына, брифингтер мен өзге баспасөз-іс-шараларына қатысуға.

3.1.6. Форумның барлық қатысушыларынан, сонымен қатар Форум Ұйымдастырушыларынан журналистік этиканы сақтай отырып сұхбат алуға құқылы.

3.2. Форумға аккредиттелген БАҚ өкілі:

3.2.1. хабарландырылатын ақпараттың нақтылығын тексеруге;

3.2.2. ақпаратты ұсынған тұлғалардың мәлімет көзін көрсету, сонымен қатар алғаш рет жарияланып жатқан айтылымның авторизациялылығын көрсету талаптарын қанағаттандыруға;

3.2.3. азаматтар мен лауазымдық тұлғалардан ақпаратты алған кезде аудио және бейне жазба, кино және фото түсірілім өткізу туралы хабарландыруға;

3.2.4. кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде алғашқы талап бойынша редакциялық төлқұжатты немесе журналистің тұлғасы мен уәкілеттіліктерін растайтын кез келген құжатты ұсынуға;

3.2.5. өзінің кәсіби мүмкіндіктерін ақпаратты жасыру немесе қоғамдық маңызы бар мәліметтерді өзгерту, нақта хабар ретінде жалған ақпаратты тарату, БАҚ болып табылмайтын бөтен тұлғаға немесе ұйымға ақпаратты жинауғ мақсатында пайдаланбауға;

3.2.6. Форумның қауіпсіздік қызметі өкілдерінің талабы бойынша фото-бейнетүсірілімді жүзеге асырмауға міндетті.

3.2.7. ресми ақпаратты пайдаланған кезде немесе Форум қатысушыларының сөздерін берген уақытта БАҚ өкілдерінің дайын материалдарында Форум туралы алғашқы хабарландыру мен алынған ақпараттың көзі көрініс табуы тиіс, ал электрондық БАҚ үшін – Форумның ресми сайтына сілтеме көрсетілуі тиіс (www.aef.kz). Көшірілетін (алынатын) ақпаратқа белгілі бір өзгерістерді, толықтырулар мен бұзылуларды енгізуге жол берілмейді.

3.3. Аккредитациядан айыру

3.3.1. Журналисткелесі жағдайда аккредитациядан айырыла алады:

- іс-шараларды өткізу тәртібіне араласқан уақытта;  
- шындыққа сәйкес келмейтін, ҚР заңнамасының бұзылуына алып келген немесе журналистік этиканың жалпына ортақ нормалары бұзылған мәліметтерді ұсынған кезде;
- ұйымдастырушылардың талаптарын сақтамаған жағдайда, негізінен, іскерлік және мәдени бағдарламалар шеңберінде БАҚ өкілдерінің орналасу орындары бойынша;
- Форум алаңдарында тәртіп пен моральдың жалпыға ортақ нормаларын бұзған жағдайда.
Журналистті аккредитациядан айыру туралы шешімді Форум Ұйымдастырушылары қабылдайды, ол негізделген және жазбаша рәсімделген болуы тиіс.

3.3.2. Аккредиттелген журналист АЭФ іс-шараларында тәртіптің жалпыға қабылданған нормаларын бұзған жағдайда Форум Ұйымдастырушылары немесе күзет қызметкерлері аккредитациялық беджті тартып алуға құқылы. Аккредитациямен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін журналист немесе БАҚ редакциясы Форум Ұйымдастырушыларына жүгіне алады.

3.3.3. АЭФ ұйымдастыру штабы мен баспасөз-орталығы БАҚ өкілінің іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен аккредитациядан, жабдықтан немесе өзге материалдық құндылықтардан айырылғанына жауапты болмайды ,.

БАҚ аккредитациялау мәселелері бойынша келесі телефондарға хабарласыңыздар:

+ 7 717 2 70-18-55 немесе E-mail: smi@aef.kz немесе факс арқылы+ 7 717 2 70-18-35

ПОДОЖДИТЕ ИДЕТ ЗАГРУЗКА...