Құрметті V Астана экономикалық форумының қатысушылары! Бейдждер, белгіленген орындарға жету сызбасы және автобустар қозғалысы бойынша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз

«G-Global» сұхбат алаңы тұсаукесеріне арналған баспасөз мәжілісі

 «G-Global» сұхбат алаңы тұсаукесеріне арналған баспасөз мәжілісі 10.02.2012 «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы сіздерді жаңа сұхбат алаңы «G-Global» тұсаукесеріне арналған баспасөз мәжілісіне шақырады.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығының құрметіне арналған Салтанатты жиналыста Астана экономикалық форумының негізінде (электронды желілік Бреттон-Вуд сияқты) «G-global» сұхбат алаңын құруды ұсынды.
Осыған орай, 2012 жылғы 12 қаңтарда «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы www.g-global.aef.kz сайтында «G-global» сұхбаттасу интернет алаңы ретінде зияткерлік желіні іске қосты.
«G-Global» - жыл сайынғы Астана экономикалық форумының негізінде жүзеге асырылған, әлемдік қаржы дағдарысынан шығу бойынша тетіктерді талқылауға және әзірлеуге бағытталған халықаралық жоба.
Бүгінгі таңда «G-Global» сұхбат алаңы әлемнің 128 елінен 10000-нан астам қатысушыны біріктіреді, олар пікірталастар мен жарыссөздер пішімінде әлемдік қаржы дағдарысынан шығу стратегияларын талқылайды.
Баспасөз мәжілісі жұмысына шетелдік пен қазақстандық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, бизнес құрылымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, солармен қатар, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы мүше-елдерінен шетелдік сарапшылар қоғамдастығы қатысады.
Баспасөз мәжілісі барлық қатысушыларға «G-Global» жобасымен танысып қана қоймай, сонымен қатар әлем экономикасы жағдайы туралы сарапшылардың пікірін білуге мүмкіндік береді.
Баспасөз мәжілісі 2012 жылдың 15 ақпанында сағат 10.30-да Темірқазық к-сі, 65 мекен-жайы бойынша Экономика үйіндегі мәжіліс залында (1-қабат) өтеді.
БАҚ-ты аккредитациядан өткізу ү.ж. 14 ақпанына дейін жүргізіледі.
Орындар саны шектеулі болуына байланысты, ү.ж. 13 ақпанына дейін төмендегі көрсетілген байланыстар бойынша тіркелуіңізді сұраймыз.


Құрметпен,
«Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы
Атқарушы органы



Үйлестіруші: Альбина Женісбек
жұм.тел.: +7 717 2 701 791;
е-mail: news@aef.kz ( «баспасөз мәжілісі» белгісімен)

Тізімге кері қайту

ПОДОЖДИТЕ ИДЕТ ЗАГРУЗКА...