Құрметті V Астана экономикалық форумының қатысушылары! Бейдждер, белгіленген орындарға жету сызбасы және автобустар қозғалысы бойынша ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз

Демеушілік пакет

Құрметті ұйым (компания) басшысы!

Астана қаласында жыл сайын Астана экономикалық (ары қарай АЭФ) форумы өтеді. Аталмыш шараның мақсаты болып Қазақстанның мемлекеттік және басқа құрылымдарының, сонымен қатал шетел кәсіпкерлері мен өкілдерінің қатысуымен өзекті мәселелерді шешу, экономикалық дамуды мемлекеттердің әріптестігі және стратегия қадамдар негізінде қалыптастыру.
Астана экономикалық форумы жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өтеді. Форумның негізгі ұйымдастырушысы ЗТБ «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының Ассоциациясы» болып табылады. (Астана қ.)
Біздің Республикамыз үшін форум өте маңызды болып табылады, әсіресе болашақта индустриалды-инновациялық даму шарттарында, өйткені өткен форумдардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына шетел инвесторлары маңызды көлемде тартылып, болашақта инвестиция көлемі көбейе түспек. Осының нәтижесінде әріптестік және халықаралық бизнестің, сонымен қатар жалықаралық тәжірибе негізінде жаңа технологиялардың енуіне үлкен жағдай жасамақ.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Сіздің компанияңызға (ұйымыңызға) туып тұрған қолайлы жағдайларды ескере отыра, форумның әріптестері және демеушілері ретінде қатысуыңызды ұсынып отырмыз.
   
Жемісті және ұзақ әріптестікке үміттенеміз.

Астана экономикалық форумы өз ұйымыңызды көпшілікке таныстыруға, өз қызмет аяңызды кеңейтуге, халықаралық аренада өз беделіңізді көтеруге, жаңа клиенттерге қол жеткізуге, сауда белгілерін көбірек тануға, жаңа жобаларыңыз бен өніміңізді алға жылжытуға үлкен мүмкіншілік болмақ.
Телефон шалыңыз немесе хат жолдасаңыз, біз Сіздің V Астана экономикалық форумына қатысуыңыздің мүмкіншіліктерін толығырақ баяндап береміз. Форумының әрбір шарасы кең маркетингтік кампания, тікелей таратылым, телефон және интернет-маркетинг, қазақстандық және шетел БАҚ-на, соның ішінде Хабар, Казахстан, Еuronews, The New York Times, BBC, CNN, World Finance Review жаңалықтар мен ақпараттар орналастыру сабақтасып жүреді.

ДЕМЕУШІЛІК ҚАТЫСУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
  1. Компанияңызды халықаралық және қазақстандық аудиторияға таныстыру   
  2. Өз өнімдеріңізді халықаралық және қазақстандық аудиторияға таныстыру   
  3. Өз ұйымыңыздың халықаралық аренада оң бейнесін қалыптастыру   
  4. Ғылыми, іскерлік, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру   
  5. Потенциалды әріптестер және клиенттермен іс-тәжірибе алмасу және тығыз байланыс орнату      
  6. Экономика және бизнес саласында ең жаңа ақпараттарға қол жетімділік     
  7. АЭФ веб-саиты мен БАҚ материалдарында Өз компанияңыз жайлы ақпарат таратуға мүмкіншілік

Құрметпен, 
Координатор АЭФ 
Сүттібаев Аян 
+7 (7172) 701799 
+7 705 444 03 70

ПОДОЖДИТЕ ИДЕТ ЗАГРУЗКА...