Спонсоры и партнеры V АЭФ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақасатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығына сәйкес құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына сәйкес «ҚазАгро» холдингі» АҚ миссиясы, пайымдауы, 2011-2020 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері анықталды.
|
БЕЙСЕНҒАЛИЕВ БЕРІК ТУРСЫНБЕКҰЛЫ «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Төрағасы Экономика ғылымының кандидаты. Қостанай облысында тұған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, және аспирантурада оқыған. 1997-1998 жж – өзінің басшылық қызметін Ақмола филиалының «Банк Туран-Алем» ЖАҚ басшысы қызметінен бастаған. 1998-2004 жж. – Астана қаласының филиалы «Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ директоры қызметін атқарды. Одан әрі 2004-2006 жылдарында – басқарушы директордың «АТФБанк» АҚ бірінші орынбасары қызметінде болды. 2006-2009 жж. - "Аstana Capital Investment Group" инвестициялық компаниясының бас директоры. «Қазақстанның Халықтық сақтау банкі» АҚ Директорлар кеңеңсінің мүшесі (2004 ж наурыз-қараша); Омбы қаласындағы «Банк Сибирь» АҚ кеңесінің төрағасы; сонымен қатар «Тұрар Рысқулов атындағы Қазақ экономикалық университеті» АҚ директорлар одағының мүшесі қызметтерін атқарды. 2010 қаңтарынан «Азықтық келісім-шарт корпорациясы» ҰС АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10-жылдығына» арналған медалімен марапатталған. |
«Русснефть» ҰК ААҚ 2002 жылдың қыркүйегiнде құрылды.
Қазіргі уақытта «Русснефть»ҰК ең iрi мұнай Ресей серiктестiктерiнiң ондығына кiредi.
«Русснефть» ҰК өндiру көлемi бойынша Ресей мұнай серiктестiктерiнiң арасында 10-шi орында. Русснефть құрылымына 24 табушы кәсiпорын кiредi.
Русснефтьтiң қызметiнiң географиясы 11 Ресей өлкелерiн және ТМД-мемлекеттерін қамтиды: Хмао, Янао, Томск, Ульянов, Пензалық, Брянск, Саратов, Киров облысты, Удмуртия Республикасы және Беларусь Республикасы.
Серiктестiктiң кеңсесi Мәскеуде орналасқан.
Өңдеуде 167 мұнайлы-газды ошақтары бар. «Русснефть» ААҚ жиынтық мұнайдың алатын қорлары 600 миллион тоннадан асады.
| ГУЦЕРИЕВ МИХАИЛ САФАРБЕКОВИЧ
«РуссНефть» мұнай серіктігі» ААҚ Президенті
Целиноград қаласында Қазақ ССР 9 наурыз 1958 жылы көп балалы жанұяда дүниеге келдi. Бiлiм, ғылыми дәрежелер және атақтар: Технологиялық институт, Жамбыл қаласы, Қазақ ССРы, инженер-химик. Мәскеу қаласының Губкин атындағы Мұнай және Газ Ресей мемлекеттiк университетінің "Мұнай-газ iсінің техника және технологиясы" инженері мамандығын бітірген. Мәскеу қаласы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы, "Қаражаттар және қарыз", саласының экономист мамандығы. Санкт-Петербор "Азаматтық құқық" заң университетi, заңгер, мамандығын бойынша білім алған. Санкт-Петербор Заң университетiнiң аспирантурасы, заң ғылымының кандидаты, "Қылмыстық iс жүргiзу құқығы" мамандандыру. Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясының "Еркiн экономикалық аймақ" экономикалық ғылымдардың докторантурасын аяқтаған. "Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы", " Халықаралық ақпараттандыру академиясы", " Ресей әлеуметтiк ғылымдары академиясы", "Халықаралық экономика және құқық академия" –ларының академигі болып табылады |
Би Джи Интернэшнл Лимитед (Қазақстан)
Би Джи Групп, қызмет стратегиясы аса маңызды нарықтарға ресурстарды тиімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған жетекші халықаралық энергетикалық компания болып табылады. Дүниежүзінің 25 елінде қызмет атқара отырып Би Джи Групп көмірсутек пен сұйытылған табиғи газ барлау және шығару, көмірсутекті тасымалдау және жеткізу, электр қуатын өндіру салаларында көптеген жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Би Джи Қазақстан «Би Джи Групп» компаниясы бөлімшелерінің бірі болып табылады және Қазақстанда шамамен 20 жыл бойы өзінің қызметін жүзеге асыруда. Компания Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орнының бірлескен операторы («ЭНИ» компаниясымен бірге) болып табылады(32,5%) және дүниежүзілік рыноктарды Қазақстан мұнайымен қамтамасыз ететін Каспий құбыр консорциумы акционерлерінің бірі болып табылады (2%).
Сонымен қатар Би Джи Қазақстан Би Джи Энерджи Чаллендж – Қазақстан атты өте маңызды жоба ұйымдастырушысы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанның мұнай және газ секторындағы барлық компанияларды біріктіреді және қайырымдылық көрсету үшін едәуір қаражат жинауға мүмкіндік береді.
|
МАРК РОЛЛИНЗ, Би Джи Групп компаниясының Орта Азия елдері бойынша Аға Вице-президенті, Би Джи Қазақстан Президенті 2008 жылы «Би Джи Групп» компаниясына келместен бұрын, Роллинз мырза Оңтүстік Америкада көмірсутек барлау және шығару жұмыстарын жүзеге асыратын жекеменшік компания атқарушы директорының және Басқарма мүшесінің қызметін атқарған. Сонымен қатар, Марк Роллинз Нидерланды мемлекетінде «Нуон» компаниясының «Релайнт Энерджи» бөлімшесінде, мемлекеттік емес комуналдық секторда көптеген басқарушылық қызметтер атқарған. Марк Роллинз Каспий аймағында көп жылдық бай тәжірибеге ие болып, «АРКО» (АҚШ) және «Клайд Петролеум» (Ұлыбритания) мұнай және газ компанияларында коммерциялық және стратегиялық бағыттағы мәселелер бойынша негізгі қызмет атқарды. 1989 жылы Марк Оксфорд университтетінің техникалық ғылымдар докторы атағына және 1985 жылы математика саласында Кембридж университетінің магистр дәрежесіне ие болды. |
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-і (ФМҚ)
ФМҚ-ның Қазақстанда жұмыс жасауы 1993 жылдан басталады. Сол жылы Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорэйшн компаниясы «Алматы темекі компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын сатып алу туралы келісім-шартқа Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірге қол қойды. 1993 жылдан бері Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) компаниясы Қазақстан Республикасының экономикасына 400 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. 2000 жылы Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген Батыр ауылында ФМҚ-ның темекі өнімдерін дайындау бойынша ашқан заманауи фабрикасы халық тұтынатын тауарларды шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта ФМҚ Қазақстанда сатылатын және Орталық Азия елдеріне экспортқа шығарылатын халықаралық бренді бар темекілердің кең түрлерін шығарады.
ФМҚ Қазақстанныңтемекі индустриясындағы компаниялар арасында ең ірі салық төлеуші компания болып табылады. «Алматы темекі компаниясы» АҚ-ны сатып алу күнінен бастап 2011 жылға дейін ФМҚ 1,2 млрд. доллар көлемінде салық аударымдар мен төлемдерді жүзеге асырды. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстана отырып, ФМҚ кең ауқымды қайырымдылық қызметті іске асырады. Өзінің 18 жылдық қызметі аралығында компания Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету үшін 6 миллионнан аса доллар мөлшерінде қаржы жұмсады.
ФМИ жергілікті кадрларды дамытуға және компанияның қызмет етіп жатқан кез келген еліндегі жұмысшылары үшін ең жақсы еңбек жағдайын жасауға үлкен көңіл бөледі. Қазақстан да компания назарынан тыс қалған емес. Компания өз қызметкерлерін оқытуға және олардың кәсіби тұрғыда дамуына 15 миллионнан аса АҚШ доллар көлемінде қаржы жұмсады. Қазіргі уақытта ФМҚ құрамында 884 жұмысшы қызмет етеді. Олардың 99,4%-ы – қазақстандықтар. Еліміздің 20-дан аса азаматы шетелде Филип Моррис Интернэшнл компаниясының түрлі қызметтерінде, оның ішінде басқарушы лауазымдарында еңбек етуде.
![]() |
АЙБАТ АХМЕТӘЛІМОВ «Филип Моррис Қазақстан» Басқарушы директоры «Филип Моррис Интэрнешнл» компаниясында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Өзінің кәсіби қызметін ФМИ-дің Лозаннадағы штаб-пәтерінде бастап, кейін компанияның Мәскеудегі бизнесті дамыту және стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарды.
Шығыс Еуропада, ЕО елдерінде, Латын Америкасы аймағында және Канадада стратегиялық жоспарлау, сату, маркетинг және менеджмент салаларында еңбек тәжірибесін жинақтаған.
Атлантадағы Эмори университетінің іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесіне |
«Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH» компаниясы
«Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH»(Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман Қауымдастығы) 2011 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастады.
Бұл ұйым «Deutscher Entwicklungsdienst (DED) gGmbH», «Deutsche Gesellschaft für Technische Zusammenarbeit (GTZ) GmbH» және «InWEnt – Internationale Weiterbildung und Entwicklung gGmbH» фирмаларының көптеген жылдар бойы жиналған тәжірибесі мен қызмет бабын біріктіреді.
GIZ дүниежүзілік ауқымда жұмыс атқаратын герман федералды компаниясы болып табылады. GIZ халықаралық ынтымақтастық саласында тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттарды жузеге асыруда Герман Федеративті Республикасы үкіметіне қолдаушылық көрсетеді. Сонымен қатар, GIZ халықаралық білім-ағартушылық жұмыстарға белсенді қатысады. Компания дүниежүзі бойынша жеке тұлғалар мен қоғамдардың даму перспективаларын құруға және олардың өмір сүру деңгейін көтеруге өз үлесін қосады.
Қазақстанда GIZ өзінің қызметін 1994 жылдан бастап атқарып келеді және қызметкерледің саны шамамен 70ке жетеді. Қазақстанда компания офистері Астанада, Алматыда және басқа да аймақтарда орналасқан. Қазіргі таңда «GIZ» компаниясы Федералды үкімет, халықаралық тапсырыс берушілер және жеке меншік кәсіпорындардың тапсырысымен Қазақстанда келесі негізгі бағыттар бойынша 15 жобаны іске асыруда: экономиканың тұрақты дамуы, кәсіби білімнің дамуы, мемлекеттік басқару дамуын қолдау, айналадағы орта, климат және денсаулық сақтау.
![]() |
РАЙНЕР ГЁРТЦ (Rainer Goertz), Қазақстан Республикасындағы GTZ компаниясының басқарушысы Экономист, туған күні: 04.04.1948ж Кәсіби қызметі: 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы GTZ компаниясының басқарушысы 2008-2010жж. Қазақстандағы кәсіби білім және КОБ дамуын қолдау бойынша GTZ программаларының жетекшісі. 2008 жылға дейін Германия Федералды құрылымдарында және жетекші оқу орындарында көптеген басқарушылық қызметтерді атқарған. |







